Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
белсенді зат–майсана майы 30.0 г
Қолданылуы
- іш қатуларда
- күйікті, жараны, ойық жараны емдеуге арналған жақпамайлар, бальзамдар құрамында
- теріні жұмсарту үшін
- қайызғақты кетіруде
- шашты нығайтуда
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа аса жоғары сезімталдық
- майда еритін заттармен (фосфор, бензол және т.б.), сондай-ақ аталық қырыққұлақ экстрактісімен улану
- жедел аппендицит
- іш сүзегі, ішектен қан кету, ішек атониясы
- ішек жабыспа аурулары
- жаңадан пайда болған, әсіресе қан кетумен қатар жүретін жараларды өңдеу
Дозасы
Сыртқа.
Сыртқа күйікті, жараны, ойық жараны емдеуге арналған жақпамай, бальзам түрінде терінің зақымданған жерлеріне қолданады.
Пероральді.
Ересектерге 15-30 г, ал балаларға 5-10-15 г (1 шай, десерт немесе ас қасығы) ішке қабылдауға тағайындалады.
Іш жүргізетін дәрі ретінде 3 күннен артық қолданбайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.