Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1,38 мг кетотифен гидрофумараты (1 мг кетотифенге баламалы)
қосымша заттар – кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза (200 типі), бидай крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
- аллергиялық ринит және конъюнктивитті қоса алғанда, аллергиялық жағдайларды симптоматикалық емдеу кезінде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- лактация кезеңі
- тромбоцитопения (диабетке қарсы препараттармен бір мезгілде емдегенде)
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер:
Күніне 2 рет, таңертең және кешке, тамақтану кезінде 1 таблеткадан (1 мг). Таблетканы тамақтану кезінде, сумен ішіп қабылдайды.
Елеулі седативтік әсер байқалатын пациенттерде алғашқы апта ішінде, дозаны күніне 2 рет ½ таблеткадан (0,5 мг) бастап баяу жоғарылата отырып, емдік дозаға жеткенше біртіндеп арттыру керек. Егер қажет болса, тәуліктік дозаны күніне 2 қабылданатын 4 мг-ға дейін (4 таблетка) арттыруға болады. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза - 4 мг.
6 жастан асқан балалар: күніне 2 рет, таңертең және кешке, тамақтану кезінде 1 таблеткадан (1 мг). Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза - 2 мг. ДДҰ ұсынысы бойынша кіші жастағы балаларда бұл дәрілік түрі қолданылмайды.
Емдеу ұзақтығы: емдеу ұзақ, ал емдік әсері емдеудің бірнеше аптасынан кейін қол жеткізіледі.
Емді тоқтату:
Кетотифенмен емдеуді тоқтату демікпе симптомдардың қайталану қаупін болдырмау үшін біртіндеп жүргізілуі тиіс.
Егде жастағы пациенттерде Егде жастағы пациенттерде ерекше талаптар жоқ.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.