Құрамы
1 бұласырдың құрамында
белсенді зат - кетопрофен 30.0 мг
қосымша заттар: диэтиленгликоль моноэтил эфирі, минералды май, гидрогенделген стирен/метилстирен/инден кополимер, акрилді желімдік 1 ерітінді, акрилді желімдік 2 ерітінді, жоғары молекулалы полиизобутилен, төмен молекулалы полиизобутилен, n-гексан, изопропил спирті, мата жолағы.
Қолданылуы
- ауыруды жергілікті емдеу мен қабынуды азайтуда және тіндер ісінуінде (асқынбаған, оның ішінде спорттық жарақаттарда)
- байламдар созылғанда немесе үзілгенде, тендинитте, бұлшықет және байламдар соғылулары кезінде, сондай-ақ арқаның ауыруында
- созылмалы қабыну ауруларымен байланысты жергілікті ауырулар (оның ішінде, ревматологиялық)
Қарсы көрсетілімдер
- кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, УК-сәулесі немесе парфюмерия блокаторларына, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге жоғары сезімталдық реакциялары (анамнезінде ацетилсалицил қышқылын қабылдауға байланысты бронх демікпесі, есекжем немесе ринит көрсетілуі)
- анамнездегі фотосенсибилизация реакциясы
- экзема, ылғалданатын дерматит, бұласыр қоятын болжамды орындағы ашық немесе инфекция жұқтырған жарақат (бұласыр зақымданған теріге қойылмауы тиіс)
- күн инсоляциясы, тіпті бұлтты күні де, ем уақытындағы және ол аяқталған соң 2 аптадан кейінгі солярийдегі УК-сәулесінің әсері
- бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- ойық жаралы колит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршуі
- 15 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер және 15 жастан асқан балаларға
Кетотоп® бұласырын дененің ауыратын бөліктеріне күніне 2 рет жабыстырады. Бұласырды терінің зақымданған беткейіне жапсыруға болмайды.
Бірнеше бұласырды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Кетотоп® бұласырын пероральді қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қосымша ем ретінде пайдалануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы зақымданудың ауырлығына және сипатына байланысты, бірақ 6 күннен аспауы керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.