Артқа
КЛАЦИД 125 мг/5 мл 100 мл

КЛАЦИД 125 мг/5 мл 100 мл

9:00-ден кейін қолжетімді

11 500 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Кларитромицин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Abbvie S.r.l.

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

5 мл суспензияның құрамында белсенді зат - кларитромицин 125 мг немесе 250 мг түйіршіктердің қосымша заттары: карбопол 974 Р, повидон (К90), тазартылған су түйіршік қабығы: гипромеллоза фталаты (НР-55), майсана майы басқа қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, мальтодекстрин, сахароза, титанның қостотығы (Е 171), ксантан шайыры, біріктірілген жеміс хош иістендіргіші, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы.

Қолданылуы

Балаларға арналған пероральді суспензия түріндегі Клацид® 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Мұндай инфекцияларға мыналар жатады: - төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония) - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (синусит, фарингит) - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (фолликулит, целлюлит/флегмона, тілмелі қабыну) - жедел ортаңғы отит

Қарсы көрсетілімдер

- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - келесі препараттармен бірге тағайындау: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин; қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин); пероральді қолдануға арналған мидазолам; CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) кеңінен метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер); колхицин; тикагрелор немесе ранолазин; ломитапид. - анамнездегі QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе анықталған QT аралығының ұзаруы), қарыншалық жүрек аритмиясы (екі бағытты тахикардияны қоса). - гипокалиемия немесе гипомагниемия (QT аралығының ұлғаю қаупі). - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин-ден аз). - фруктозаға немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясына тұқым қуалайтын жағымсыздығы

Дозасы

6 айдан 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балаларға Клацид® педиатриялық суспензиясын (пероральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек. Балалардағы Клацид® 125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл педиатриялық суспензияның ұсынылған тәуліктік дозасы күніне екі рет 500 мг ең жоғары дозаға дейін күніне екі рет 7.5 мг/кг құрайды. Емдеу ұзақтығы әдетте патогеннің түріне және жағдайдың ауырлығына байланысты 5-10 күнді құрайды. Суспензияны тамақ ішуге қарамастан қолданады (сүтпен қабылдауға болады). Кестеде баланың дене салмағына және суспензия концентрациясына (125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл) негізделген дозаны анықтау бойынша нұсқаулар бар. 1-кесте Балаларға дозалау бойынша нұсқаулар Дене салмағына негізделген Дозасы тәулігіне 2 рет 7.5 мг/кг мл Баланың дене салмағы * (кг) 125 мг/5 мл 250 мг/5 мл 1 қабылдауға суспензия дозасы (мл) кларитромицинге сәйкес келеді (мг) 1 қабылдауға суспензия дозасы (мл) кларитромицинге сәйкес келеді (мг) 8 – 11 2.5 мл 62.5 мг 1.25 мл 62.5 мг 12 – 19 5.0 мл 125 мг 2.5 мл 125 мг 20 – 29 7.5 мл 187.5 мг 3.75 мл 187.5 мг 30 – 40 10.0 мл 250 мг 5.0 мл 250 мг * Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дене салмағының бір килограмына (тәулігіне 2 рет шамамен 7.5 мг/кг) есептеу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 30 мл/мин / 1.73 м 2 кем балаларда кларитромицин дозасын жартысына, яғни күніне бір рет 7.5 мг/кг-ға дейін азайту керек. Мұндай пациенттерде емдеу 14 күннен аспауы керек. Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға Клацид® педиатриялық суспензиясын (пероральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.