Құрамы
5 мл суспензияның құрамында:
белсенді зат – 125 мг кларитромицинге баламалы 286,10 мг кларитромицин қапталған түйіршіктері немесе 250 мг кларитромицинге баламалы 571.80 мг кларитромицин қапталған түйіршіктері
қосымша заттар: мальтодекстрин, қант, калий сорбаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, пунш жеміс хош иістендіргіші, ұнтақ, титанның қостотығы Е171.
Қолданылуы
6 айлығынан бастап 12 жасқа дейінгі балалар
Пероральді суспензия түріндегі Кламер препараты кларитромицинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын және пероральді терапияға жауап беретін келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: фарингит, тонзиллит, ортаңғы отит, бронхит, пневмония, тері инфекциялары (мысалы, импетиго, ауыр фолликулит, абсцестер).
Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына, макролидтер тобындағы антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қолдану
- келесі препараттардың біреуін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмиясының дамуына әкелуі мүмкін)
- эрготамин туындыларымен (эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен) бір мезгілде қолдану, себебі бұл қастауыштың уыттылығын туындатуы мүмкін
- кларитромицин мен мидазоламды пероральді бір мезгілде қолдану
- кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қолдану
- анамнезінде QT аралығының ұзаруы (QT аралығының ұзаруының туа біткені немесе жүре пайда болғаны құжатпен расталған) немесе torsade de pointes қоса, қарыншалық аритмиясы бар пациенттер
- QT аралығының ұзару қаупіне байланысты электролитті бұзылулары бар пациенттерде (гипокалиемия немесе гипомагниемия)
- бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- Рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупінің жоғарылауына байланысты CYP3A4 қарқынды метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (статиндер) бір мезгілде қолдану
- колхицин мен CYP3A4 күшті тежегішін (мысалы, кларитромицин) бір мезгілде қолдану
Дозасы
Балаларға арналған пероральді суспензия түріндегі Кламер препаратының ұсынылатын тәуліктік дозасы (125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл) екі қабылдауға бөлінген 15 мг/кг құрайды. Кларитромициннің ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне екі рет 500 мг құрайды.
Кестеде баланың дене салмағына және суспензия концентрациясына (125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл) негізделген дозасын анықтау бойынша нұсқаулар бар.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.