Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - колекальциферол (D3 дәрумені) 15 000 ХБ,
қосымша заттар: сахароза, полиоксил 35 майсана майы, бензил спирті, сусыз динатрий фосфаты, «Тутти-Фрутти» хош иістендіргіші, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Профилактика және емдеуде
балалар мен ересектердегі рахит пен остеомаляцияның профилактикасы және емінде
шала туған нәрестелердегі рахиттің профилактикасы
ішекте сіңу патологиясынсыз осындай жай-күй қаупі бар балалар мен ересектерде D дәрумені тапшылығының профилактикасы
балалар мен ересектерде мальабсорция кезіндегі D дәрумені тапшылығының профилактикасы
ересектердегі гипопаратиреозды емдеу
Кешенді ем құрамында
остеопороз
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
D дәруменінің гипервитаминозы
бүйрек жеткіліксіздігі
қанда және несепте кальций мен фосфор деңгейінің жоғарылауы
кальцийлі бүйрек тастары
саркоидоз
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Дозасы
Препарат дозасын жалпы кальций қолданылуын (күнделікті тамақтану рационында да, дәрілік препараттар түрінде де) ескеріп, әркімге жеке белгілеген жөн.
D дәрумені тапшылығының профилактикасы:
Балаларға өмірінің 2-ші аптасынан бастап және ересектерге тәулігіне 500 ХБ (1 тамшы).
D дәрумені тапшылығын емдеу:
Препарат дозасын D дәруменінің жеткіліксіздік дәрежесіне қарай дәрігер әркімге жеке белгілейді.
Рахитке тәуелді D дәрумені:
Балаларға тәулігіне 3000 ХБ-дан 10000 ХБ дейін (6-20 тамшы).
Құрысуға қарсы дәрілер қолданумен байланысты остеомаляция:
Балалар – тәулігіне 1000 ХБ (2 тамшы).
Ересектер – тәулігіне 1000-4000 ХБ (2-8 тамшы).
Остеомаляция және остеопороз кезінде кешенді емнің құрамында
тәулігіне 500-1000 ХБ (1-2 тамшы). Дозаны дәрігер аурудың себебі мен ауырлығына қарай әркімге жеке белгілейді.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.