Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: А дәрумені (ретинол пальмитаты) 11.236 мг (баламасы 20000 ХБ), Д3 дәрумені (холекальциферол) 0.250 мг (баламасы 10000 ХБ)
қосымша заттар: «Тутти-Фрутти» хош иістендіргіші, бутилгидроксианизол, күнжіт майы
Қолданылуы
емізулі балалардағы рахитте
емізулі және үлкен жастағы балаларда А және Д дәрумендерінің гиповитаминозында және авитаминозында
балалар мен ересектерде тері мен шырышты қабық аурулары (псориаз, ихтиоз, дерматоздар) кезінде кешенді емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- ретинол мен холекальциферолға, анис, фенхель, зире, балдыркөк, кориандр, аскөк сияқты балдыркөк тұқымдас өсімдіктерге (Apiaceae, бұрын Umbelliferae), анетолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- А дәрумені гипервитаминозы;
- D3 дәрумені гипервитаминозы;
- бүйрек жеткіліксіздігі;
- гиперкальциемия;
- мальабсорбция синдромы;
- 4 апталық жасқа дейінгі балалар;
- құрамында А және/немесе D3 дәрумені бар басқа препараттармен бір мезгілде.
Дозасы
Өмірдің 4-ші апта жасындағы сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 1 рет 2 тамшыдан (А дәруменінің 1176 ХБ, D3 дәруменінің 588 ХБ сәйкес келеді).
12 жастап бастап жасөспірімдер мен ересектер: тәулігіне 1 рет 2 тамшыдан (А дәруменінің 1176 ХБ , D3 дәруменінің 588 ХБ сәйкес келеді).
Жүкті және бала емізетін әйелдер: тәулігіне 1 рет 2 тамшыдан (А дәруменінің 1176 ХБ , D3 дәруменінің 588 ХБ сәйкес келеді).
Енгізу әдісі мен жолы
Колефер бір шай немесе десерт қасық сұйықтықпен ішке қабылданады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.