Артқа
КОМБИГРИП №8 табл

КОМБИГРИП №8 табл

9:00-ден кейін қолжетімді

7 050 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Эвертоген Лайф Сайенсес Лимитед

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 500 мг парацетамол, 30 мг кофеин, 10 мг фенилэфрин гидрохлориді, 2 мг хлорфенирамин малеаты, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, сансет сары супра (Е 110), повидон, магний стеараты, тальк, натрий крахмалы гликоляты (А типі), натрий кроскармеллозасы,

Қолданылуы

- температураның көтерілуі, тұмаурату, мұрын бітелуі, бас ауыру, жөтел сияқты суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдету

Қарсы көрсетілімдер

- әсер етуші затқа, ксантиндердің басқа туындыларына (теофиллин, теобромин), апиындарға, антигистаминдік, симпатомиметикалық аминдерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр жүрек-қантамыр аурулары, компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігін қоса, өткізгіштік бұзылулары, аритмиялар, айқын атеросклероз, тамырлар түйілуіне бейімділік, жүректің ишемиялық ауруының ауыр түрі; ауыр артериялық гипертензия - бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары - несеп шығарудың қиындауымен қуық асты безінің аденомасы, қуық мойнағының обструкциясы - асқазан және он екі елі ішектің стеноздаушы ойық жарасы, пилородуоденальді обструкция, жедел панкреатит - эпилепсия - қан аурулары (оның ішінде айқын анемия, лейкопения) - гипертиреоз - қант диабеті - бронх демікпесі - глаукома - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы - маскүнемдік - қатты қозу, ұйқының бұзылуы - туа біткен гипербилирубинемия - егде жас - трициклды антидепрессанттармен, ß-блокаторлармен бір мезгілде қолдану; МАО тежегіштерімен бір мезгілде және оларды қолдануды тоқтатудан кейін 2 апта бойы қабылдау - тыныс алу жеткіліксіздігінің туындау қаупі бар пациенттерге қолдану қарсы көрсетілімді - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дозасы

1 таблеткадан тәулігіне 4 ретке дейін, бірақ аралығы 4-6 сағат өтуінен жиі емес. Ең жоғары бір реттік доза: 1 таблетка. Ең жоғары тәуліктік доза: 4 таблетка. Препарат ас ішуден кейін кемінде 30 минуттан соң қабылданады. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішке тағайындалады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қабылдау арасындағы үзіліс 4-6 сағаттан кем емес. Емдеу ұзақтығы Дәрігер кеңесінсіз емдеу ұзақтығы 3 күннен аспайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.