Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - натрий колистиметаты 1000000 ХБ немесе 2000000 ХБ.
қосымша зат - азот.
Қолданылуы
- ересектер мен балаларға, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге, емдеу мүмкіндігі шектеулі пациенттерде кейбір аэробты грамтеріс патогендерден туындаған күрделі инфекцияларды емдеу үшін вена ішіне енгізуге арналған
- сондай-ақ Pseudomonas aeruginosa туындаған муковисцидозы бар пациенттерде созылмалы өкпе инфекциясын емдеу үшін ересектер мен балаларда ингаляцияға арналған
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, полимиксин В немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Жүйелі ем
Енгізу дозасына және емдеу ұзақтығына қатысты инфекцияның ауырлық дәрежесі, сондай-ақ клиникалық реакция ескерілуі тиіс. Емдік ұсыныстарды орындау қажет.
Доза натрий колистиметатының (НКМ) халықаралық бірлігімен (ХБ) көрсетілген. Халықаралық бірліктегі натрий колистиметатын натрий колистиметатының миллиграммына, сондай-ақ колистин негізінің белсенділігінің (КНБ) миллиграммына аудару кестесі осы бөлімнің соңында келтірілген.
Дозалануы
Дозалар бойынша келесі нұсқаулар жағдайы қатер шегіндегі пациенттердегі шектеулі популяциялық-фармакокинетикалық деректер негізінде дайындалған:
Ересектер және жасөспірімдер
Демеуші доза 9 мХБ /күніне 2-3-ке бөлінген дозада
Жағдайы қатер шегіндегі пациенттердегі жүктемелік доза 9 мХБ құрауы тиіс.
Алғашқы демеуші доза үшін ең жарамды уақыт аралығы анықталмаған.
Модельдеу кейбір жағдайларда бүйрек функциясы жақсы пациенттерде 12 мХБ дейінгі жүктемелік және демеуші дозалар талап етілуі мүмкін екенін болжайды. Алайда, мұндай дозаларды қолданудың клиникалық тәжірибесі аса шектеулі және қауіпсіздігі анықталмаған.
Жүктемелік доза орын басатын бүйрек емін өтіп жүрген пациентерді қоса, бүйрек функциясы қалыпты және бұзылған пациенттерге қатысты қолданылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету керек, алайда, бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін қолжетімді фармакокинетикалық деректер біршама шектеулі.
Келесі доза түзетулері нұсқау ретінде ұсынылады.
Дозаны төмендету креатинин клиренсі <50 мл/мин пациенттер үшін берілген: күніне екі рет жүргізу ұсынылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.