Артқа
КСЕЛОДА 500 мг №120 таб

КСЕЛОДА 500 мг №120 таб

9:00-ден кейін қолжетімді

250 000 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Мексика
  • Өндіруші: Продуктос Рош С.А. де С.В

Нұсқаулық

Құрамы

Құрамы Бір 500 мг таблетканың құрамында белсенді зат: 500 мг капецитабин, қосымша заттар: сусыз лактоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (3 mPa.s), микрокристалды целлюлоза, магний стеараты қабықтың құрамы: Opadry 03А14380 қызғылт (гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172)).

Қолданылуы

Сүт безінің обыры – антрациклиндер қамтылған тиімсіз химиялық емнен кейін жергілікті таралған немесе метастазды обыры бар емделушілерді емдеу үшін доцетакселмен біріктіріліп қолданылады – таксандар мен антрациклиндер қамтылған тиімсіз химиялық емнен кейін жергілікті таралған немесе метастазды СБО (мСБО) бар немесе антрациклиндер қарсы көрсетілімді болған емделушілерді емдеу үшін монотерапия түрінде Колоректальді обыр – тоқ ішек обыры бар емделушілерді адъювантты емдеу үшін – метастазды колоректальді обыры (мКРО) бар емделушілерді емдеу үшін Өңеш-асқазан обыры жайылған өңеш-асқазан обыры бар емделушілердің бірінші желідегі емі ретінде Асқазан обыры II және III сатыдағы асқазан аденокарциномасы бар емделушілердің адъювантты емі ретінде толық резекциядан кейін оксалиплатинмен біріктіріліп қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер

капецитабинге немесе препараттың басқа компоненттеріне белгілі аcа жоғары сезімталдық фторурацилге белгілі аса жоғары сезімталдық немесе фторопиримидиндермен емдеуге болатын күрделі және болжанбаған реакциялар дигидропиримидиндегидрогеназа тапшылығы (ДПД) соривудинмен немесе оның химиялық аналогтарымен, мысалы, бривудинмен бір мезгілде қабылдау ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30 мл/минуттан төмен) 18 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген) Егер біріктірілген ем сызбасының кез келген басқа препаратқа қарсы көрсетілімдері бар болса, бұл препаратты қолдануға болмайды.

Дозасы

Қолдану тәсілі және дозалары Стандартты дозалануы Кселода таблеткалары ас ішуден кейін 30 минуттан соң сумен бірге ішке қабылданады. Монотерапия Сүт безінің, тоқ ішектің обыры және колоректальді обыр: Монотерапия үшін ұсынылатын Кселоданың бастапқы дозасы тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 1250 мг/м2 құрайды, бұл 7 күндік үзіліске ұласатын екі апта бойғы 2500 мг/м2 жалпы тәуліктік дозасына баламалы. Біріктірілген ем Сүт безінің обыры: Доцетакселмен біріктірілген Кселода 7 күндік үзіліспен 2 апта бойы тәулігіне 2 рет 1250 мг/м2 дозада тағайындалады. Доцетаксел 75 мг/м2 дозада бір сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде 3 аптада 1 рет енгізіледі. Доцетакселді Кселодамен енгізер алдында премедикация доцетаксел қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Өңеш-асқазанның, асқазанның, тоқ ішектің обыры және колоректальді обыр: Біріктірілген емде (иринотеканды қоспағанда) ұсынылатын Кселоданың бастапқы дозасы 7 күндік үзіліспен екі апта бойы тәулігіне екі рет 800-1000 мг/м2 дейін немесе үзіліссіз ем кезінде тәулігіне екі рет 625 мг/м2 дейін қысқарады («Клиникалық зерттеулер/Тиімділік зерттеулері» бөлімін қараңыз). Иринотеканмен біріктірілген емде (XELIRI) ұсынылатын Кселоданың бастапқы дозасы 7 күндік үзіліспен 2 апта бойы тәулігіне екі рет 800 мг/м2 құрайды. Иринотекан әрбір үш апталық циклдың бірінші күні 200 мг/м2 тағайындалады («Клиникалық зерттеулер/Тиімділік зерттеулері» бөлімін қараңыз). Біріктірілген емге бевацизумабты қосу Кселоданың бастапқы дозасына ықпал етпейді. ІІІ дәрежедегі колоректальді обыры бар емделушілерді жалпы алғанда 6 айға адъювантты емдеу ұсынылады. Құсуға қарсы дәрілер және талапқа сай гидратацияны қамтамасыз етуге арналған премедикация цисплатин немесе оксалиплатин енгізер алдында оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тағайындалады. Кселода дозасы дене беткейінің ауданына қарай есептеледі. Төменде берілген 1 және 2 кестелер 1250 мг/м2 немесе 1000 мг/м2 дене беткейіне есептелген Кселоданың стандартты және азайтылған дозаларын көрсетеді. 1 кесте. 1250 мг/м2 дене беткейіне есептелген Кселоданың стандартты және азайтылған дозалары. 1250 мг/м2 доза (күніне екі рет) Толық доза 1250 мг/м2 1 қабылданатын (таңертең және кешке) 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны 950 мг/м2 дозаның 75% 625 мг/м2 дозаның 50% Дене беткейі ауданы (м2) Қабылданатын доза (мг)* 150 мг 500 мг 1 қабылданатын доза, мг 1 қабылданатын доза, мг < 1,26 1500 - 3 1150 800 1,27 - 1,38 1650 1 3 1300 800 1,39 - 1,52 1800 2 3 1450 950 1,53 - 1,66 2000 - 4 1500 1000 1,67 - 1,78 2150 1 4 1650 1000 1,79 - 1,92 2300 2 4 1800 1150 1,93 - 2,06 2500 - 5 1950 1300 2,07 - 2,18 2650 1 5 2000 1300 > 2,19 2800 2 5 2150 1450 2 кесте. 1000 мг/м2 дене беткейіне есептелген Кселоданың стандартты және азайтылған дозалары. 1000 мг/м2 доза (күніне екі рет) Толық доза 1000 мг/м2 1 қабылдауға (таңертең және кешке) 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны 750 мг/м2 дозаның 75% 500 мг/м2 дозаның 50% Дене беткейі ауданы (м2) Қабылданатын доза (мг)* 150 мг 500 мг 1 қабылданатын доза, мг 1 қабылданатын доза, мг < 1,26 1150 1 2 800 600 1,27 - 1,38 1300 2 2 1000 600 1,39 - 1,52 1450 3 2 1100 750 1,53 - 1,66 1600 4 2 1200 800 1,67 - 1,78 1750 5 2 1300 800 1,79 - 1,92 1800 2 3 1400 900 1,93 - 2,06 2000 - 4 1500 1000 2,07 - 2,18 2150 1 4 1600 1050 > 2,19 2300 2 4 1750 1100 Емдеу үдерісінде дозаны түзету Жалпы уыттылығы Кселодамен емдеу кезіндегі уыттылық құбылыстарын симптоматикалық ем және/немесе Кселода дозасын өзгерту арқылы (емдеуді тоқтатып немесе препарат дозасын азайтып) жоюға болады. Егер бір күні Кселода дозасын бір рет азайтуға тура келсе, кейіннен оны арттыруға болмайды. Емдеуші дәрігер уыттану симптомдары емделушінің өміріне қауіп төндірмейді деп санаған жағдайларда немесе олардың дәрежесі ауыр болмаса, Кселодамен емдеуді, дозаны азайтпай және емдеуді тоқтатпай, бастапқы дозада жалғастыруға болады. Уыттанудың 1 дәрежесінде дозаны түзетуге болмайды. Уыттанудың 2 немесе 3 дәрежесінде Кселода қабылдауды тоқтату керек. Жағымсыз құбылыстар басылған соң немесе олардың айқындылығы 1 дәрежеге дейін азайған соң Кселода қабылдауды толық дозада жаңғыртуға немесе оны 7 кестеде берілген нұсқауларға сәйкес түзетуге болады. Уыттанудың 4 дәрежесінің белгілері дамығанда емдеуді тоқтату керек немесе симптоматика ауырлығы 1 дәрежеге дейін басылғанша немесе азайғанша уақытша тоқтату керек, одан кейін препаратты қолдануды бұрынғысынан 50% құрайтын дозада жаңғыртуға болады. Кселода қабылдайтын емделушілер орташа немесе ауыр дәрежелі уыттану пайда болғанда дереу емдеуді тоқтату қажет екенінен хабардар болуы тиіс. Уыттану салдарынан өткізіп алған Кселоданың бірнеше қабылдаулары толықтырылмайды, жай ғана емдеудің жоспарланған циклдары жалғасады. Гематологиялық уыттылығы Нейтрофильдердің <1.5 x 109/l және/немесе тромбоциттердің <100 x 109/l бастапқы саны бар емделушілерге Кселодамен ем тағайындауға болмайды. Егер емдеу барысында жүргізілген жоспардан тыс зертханалық зерттеулер нәтижелері 3-ші және 4-ші дәрежелі гематологиялық уыттылықты көрсетсе, Кселодамен емдеуді тоқтату қажет. 3 кестеде Кселода препаратын пайдаланумен байланысты уыттану нәтижесінде дозаларды модификациялау бойынша нұсқаулар көрсетілген: 3 кесте. Уыттану себебі бойынша дозаны модификациялау бойынша нұсқаулар. NCIC* уыттылық дәрежесі* Емдеу циклы кезінде дозаны өзгерту Келесі циклда дозаны түзету (бастапқы дозадан 5) 1 дәреже Дозаны сақтау Дозаны сақтау 2 дәреже 1-ші рет Симптомдар басылғанша немесе ауырлық 1 дәрежеге дейін азайғанша емдеуді тоқтату 100 % 2-ші рет 75% 3-ші рет 50% 4-ші рет Емдеуді мүлде тоқтату Қолданылмайды 3 дәреже 1-ші рет Симптомдар басылғанша немесе ауырлық 1 дәрежеге дейін азайғанша емдеуді тоқтату 75% 2-ші рет 50% 3-ші рет Емдеуді мүлде тоқтату Қолданылмайды 4 дәреже 1-ші рет Емдеуді тоқтату керек немесе егер емдеуші дәрігер бұл науқасқа қажет деп санаса, симптомдар басылған соң немесе ауырлық 1 дәрежеге дейін азайған соң жаңғырту керек 50% 2-ші рет Емдеуді мүлде тоқтату Қолданылмайды (*) – Канада Ұлттық онкология институтының (NCIC CTG) жалпы уыттану критерийлеріне (1 нұсқа) және АҚШ Ұлттық онкология институты Обыр терапиясын бағалау бағдарламасының Жалпы жағымсыз құбылыстар критерийлері терминологиясына (3.0 нұсқа) сәйкестікте. Алақан-табан синдромы мен гипербилирубинемияға арналған деректер «Айрықша нұсқаулар және сақтандыру шаралары» бөлімінде берілген. Біріктірілген емнің жалпы ережелері Кселоданы басқа препараттармен біріктіріп пайдаланғанда уыттану реакциялары пайда болған жағдайда дозаны түзету 3 кестеде көрсетілген нұсқауларға және Кселодамен бірге пайдаланылған тиісті препараттардың қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Цикл басында: Егер Кселода немесе басқа химиялық ем препаратын қабылдауды кейінге шегеру қажет болса, препараттардың бәрін енгізу емді жаңғыртуға арналған барлық талаптар орындалғанша кейінге қалдырылуы тиіс. Ем циклы кезінде: Егер уыттану реакциялары, емдеуші дәрігер пікірі бойынша, Кселодамен байланысты болмаса, Кселода қабылдауды жалғастырып, ал бірге қолданылатын препараттың дозасын оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өзгерту керек. Егер басқа препараттың (-тардың) тоқтатылуы тиіс болса, Кселодамен емді жаңғырту талаптарының сақталуымен Кселодамен емдеуді жалғастыруға болады. Осы нұсқауды барлық көрсетілімдерге және емделушілердің ерекше топтарының бәріне қолдануға болады. Дозалау жөніндегі арнайы нұсқаулар Бауырдың метастаздануы салдарынан бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер Ауырлығы жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде емдеудің басында дозаны азайту қажет емес. Алайда олар емдеу барысында мұқият қадағалауды қажет етеді. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілер зерттеуге қосылмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер Ауырлығы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге (креатинин клиренсі (КК) 30-50 мл/мин) емдеудің басында дозаны 1250 мг/м2 мөлшерінен 75% дейін азайту қажет. Жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер (КК 51-80 мл/мин) дозаны азайтуды қажет етпейді. 2-4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар пайда болғанда, науқас ахуалын мұқият қадағалауға, қажет болса – емдеуді тоқтатып, әріқарай 3 кестедегі нұсқауларға сәйкес дозаны түзетуге қатысты шұғыл шаралар қабылдау керек. Егер емдеу үдерісінде КК 30 мл/минуттан төмен түсіп кетсе, Кселода қабылдауды тоқтату керек. Ауырлығы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны түзету бойынша нұсқаулар Кселодамен монотерапия өткізуге де, біріктірілген сызбаларға да қатысты болады. Тәуліктік дозаны есептеу үшін 1 және 2 кестелерді қараңыз. Балалар Балалардағы Кселода қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы емделушілер Кселодамен монотерапияда дозаны түзету қажет емес. Алайда, 80 жастан асқан емделушілерде ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар, жасырақ тұлғаларға қарағанда, жиірек пайда болады. Егде жастағы адамдардағы (65 жастан үлкен) біріктірілген емде Кселоданы тоқтатуды талап ететін 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар, жастарға қарағанда, жиірек болады. Егде жастағы емделушілерді мұқият қадағалау ұсынылады. Доцетакселмен біріктірілген Кселодамен емделгенде 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар мен емдеумен байланысты екені анық күрделі жағымсыз құбылыстар жиілігі, жастармен салыстырғанда, 60 жастан асқан емделушілер тобында аса жоғары болған. Сондықтан 60 жастан асқан тұлғаларға кселоданы доцетакселмен біріктіргенде бастапқы дозаны 75% дейін азайту талап етіледі (тәулігіне 2 рет 950 мг/м2). Дозаны есептеу үшін 2 кестені қараңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.