Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: шайқурай шөбі 12.0 г
қалақай жапырақтары 2.0 г
қызыл мия тамырлары 1.6 г
итмұрын жемістері 1.0 г
жатаған жебір шөбі 0.2 г
сермене жапырақтары 0.2 г
шырғанақ майы 1.6 г
қосымша зат – күнбағыс майы
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
– ринитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте, пневмонияда
– гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында, колитте, энтероколитте, проктитте, геморройда
– жатыр мойыны эрозиясында, кольпитте, цервицитте, циститте, простатитте
– термиялық, химиялық және сәулемен емдеуден кейінгі күйіктерде, тесілулерде, дерматиттерде, дерматоздарда, баяу жазылатын жарақаттарда және ойық жараларда, оның ішінде инфекция жұқтырғандарды қоса
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Тыныс алу жолдары аурулары кезінде
Мұрын жолдарының шырышты қабықтарына күніне 1 – 3 рет жағу түрінде. Емдеу курсы – 2 – 6 апта
Мұрын-жұтқыншаққа немесе көмейге 0,5 мл-ден құю, 10-15 емшара. Ішке тамақтанардан 20-30 минут бұрын ересектерге 1 шай қасықтан, балаларға 3 жастан бастап 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет. Емдеу курсы – 2-6 апта.
Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде:
1/2 шай қасықтан күніне 4-6 рет тамақтанардан 1 сағат бұрын қышқыл сүт өнімдері, кисель немесе балмен ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
Простатитте, проктитте, геморройда препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) күніне 10-15 мл-ден 1 рет енгізеді, емдеу курсы 20-25 емшара.
Сыртқа – анус сызаттары, геморрой кезінде күніне 2-3 рет жағу керек.
Тері және шырышты қабықтың күйіктері, тесілулері, сәулемен зақымдануы кезінде:
Өңезден тазаланған беткейге майды жағып, күн сайын ауыстырып тұратын дәке таңғышты салады.
Көмей, өңеш, асқазан обырын сәулемен емдеуде:
Тамақтанған соң 1/2 шай қасықтан күніне 6-8 рет сәулемен емдеудің бүкіл курсы бойы және одан әрі тағы 2-3 апта.
Гинекологиялық аурулар кезінде: бүркіп-сулау түрінде, майға малынған тампондарды қынапқа енгізеді, емдеу курсы 20-30 емшара.
Препаратты бүріккіші бар құтыда қолдану тәсілі:
2
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.