Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – латанопрост 0.050 мг
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты (сусыз), динатрий гидрофосфаты (сусыз), бензалконий хлориді, натрий хлориді, поликсил 40 гидрогенделген майсана майы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомасы және көзішілік гипертензиясы бар ересек пациенттерде (қарттарды қоса) көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауын төмендету үшін
- жоғары КІҚ және балалар глаукомасы бар балаларда жоғары КІҚ төмендету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- латанопростқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге (қарттарды қоса) және балаларға ұсынылатын доза: зақымданған көзге(дерге) бір тамшы, тәулігіне бір рет. Препаратты кешке тамызу ұсынылады. Лакома препаратын емдеуші дәрігердің нұсқауларына сәйкес қолдану қажет.
Егер Лакома көзге тамызатын басқа дәрілермен бірге қолданылса
Лакоманы және басқа көзге тамызатын дәрілерді қолдану аралығында кемінде 5 минут өтуі тиіс.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Лакоманы тәулігіне бір реттен жиі қолданбаңыз, өйткені препаратты одан жиі қолданған кезде емнің тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігер препаратты тоқтатқанға дейін, Лакоманы емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша қолдана беріңіз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.