Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - тилорон дигидрохлориді - 125 мг,
қосымша заттар:
ядро: магний гидроксикарбонаты (ауыр магний карбонаты), повидон К30, кальций стеараты,
қабық: сахароза, повидон К17, коповидон, магний гидроксикарбонаты (жеңіл магний карбонаты), титанның қостотығы (Е 171), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил А-380), хинолинді сары бояғыш (Е 104), күн батар түстес сары бояғыш (Е 110), макрогол-6000, ара балауызы, сұйық парафин, тальк.
Дозасы
/ қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Тұмау және басқа ЖРВИ емдеу – тәулігіне 125 мг емдеудің алғашқы 2 күнінде, содан соң 48 сағаттан кейін 125 мг. Курсқа - 750 мг (6 таблетка).
Тұмау және басқа ЖРВИ емдеу профилактикасы – 125 мг аптасына 1 рет 6 апта бойы. Курсқа - 750 мг (6 таблетка).
Герпестік инфекцияны емдеу -125 мг алғашқы екі тәулік, содан соң 48 сағаттан кейін 125 мг. Курстық доза – 1,25-2,5 г (10-20 таблетка).
Тұмау және басқа ЖРВИ емдегенде ауру симптомдары 4 күннен астам сақталған кезде дәрігермен кеңесу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ересектерге, ішке, тамақтан кейін.