Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 капсула құрамында
белсенді зат – амброксол гидрохлориді 75 мг,
қосымша заттар: кросповидон, карнауб балауызы, стеарил спирті, магний стеараты,
капсула қабығы: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), тазартылған су,
сия: шеллак, изопропил спирті, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171).
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: 1 капсула тәулігіне 1 рет (күніне 75 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін.
Капсуланы жеткілікті сұйықтық (мысалы, су, шай немесе жеміс шырыны) мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек, тамақтануға байланысты емес.
Капсуланы ашуға немесе шайнауға болмайды! Капсула ішіндегі түйіршіктер ас қорыту жүйесі арқылы өту кезінде белсенді зат бөледі.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы шектеусіз, бірақ дәрігердің кеңесінсіз препаратты 4-5 күннен артық қабылдамаған жөн.