Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблеткадан тұрады
белсенді зат – 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза,
коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
қабық құрамы: гипромелоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), макрогол 400
Қолданылуы
‒ аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеу (соның ішінде тұрақты аллергиялық ринитті қоса);
‒ созылмалы идиопатиялық есекжем
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа жоғары сезімталдық, цетиризинге, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларына немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 15 мл/мин аз)
6 жасқа дейінгі балалар
лактация кезеңі
сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, тұқым қуалайтын Lapp-лактаза тапшылығы және/немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар
Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг (1 таблетка).
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг (1 таблетка).
2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда қабықпен қапталған таблеткалардың дұрыс дозалануы мүмкін емес. Осы жас тобында левоцетиризинді балаларға арналған дәрілік формаларда қолдану ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек қызметінің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге дозаны түзету ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер
Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты жеке белгіленуі керек. Төмендегі кестені қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей реттеңіз. Осы дозалау кестесін қолдану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бағалау қажет. КК (мл/мин) қан сарысуындағы креатинин деңгейінен (мг/дл) бағалауға болады, келесі формула бойынша анықталады:
КК =
[140 – жас (жыл)] x салмақ (кг)
(әйелдер үшін x 0,85)
72 x сарысу креатинині (мг/дл)
Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету:
Бүйрек жеткіліксіздігі
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.