Қолданылуы
Левофлоксацин-Тева, таблеткалар дәрілік препараты, келесі инфекцияларды емдеу үшін ересек пациенттерде қолдануға көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.
Төменде атап көрсетілген инфекциялар үшін Левофлоксацин-Тева осы инфекциялардың бастапқы емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана қолдануы қажет:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының асқынуы
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит.
Таблеткадағы Левофлоксацин-Тева препаратын сондай-ақ левофлоксацинді вена ішіне енгізе отырып, бастапқы ем жүргізгеннен кейін жағдайы жақсарған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- эпилепсиясы бар пациенттер
- фторхинолондарды алдыңғы қолданумен байланысты анамнезінде сіңір аурулары бар пациенттер
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және бала емізу кезеңі.
Дозасы
Таблеткаларды тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Доза инфекцияның түрі мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты.
Таблеткадағы Левофлоксацин-Тева препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізумен, бастапқы емді жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін; парентеральды және пероральді түрлердің биобаламалылығын ескере отырып, сол дозаны пайдалануға болады.
Дозасы
Таблеткалардағы Левофлоксацин-Тева препаратын келесі дозаларда қолдану ұсынылады:
Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі > 50 мл / мин) пациенттердегі дозалануы
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.