Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – левофлоксацин 500 мг (512.46 мг левофлоксацин полугидраты түрінде),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), кросповидон, гидроксипропилметилцеллюлоза 6 cps, микрокристалды целлюлоза (РН 200), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су ***,
үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри® сары II 85G32281 (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль, лецитин, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172)), тазартылған су ***.
***-дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
Препарат ересектерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары;
- созылмалы бактериялық простатит;
- сібір ойықжарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.
Левоксимед препаратын төменде көрсетілген инфекциялар жағдайында, осы инфекцияларды емдеу үшін стандартты түрде ұсынылатын антибиотиктерді қолдану қолайсыз болып табылған кезде ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі;
- ауруханадан тыс пневмония;
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары;
- асқынбаған цистит.
Левоксимед препараты сондай-ақ левофлоксацин вена ішіне енгізілетін бастапқы емді жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- анамнезде фторхинолондарды қабылдау кезіндегі тендинопатия
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- жүктілік
- лактация
Дозасы
Левоксимед препаратын тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Доза инфекцияның типіне және ауырлығына, сондай-ақ болжанатын қоздырғыштың сезімталдығына байланысты.
Левофлоксацинді вена ішіне енгізу арқылы бастапқы ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін Левоксимед препараты да қолданылуы мүмкін; парентеральді және пероральді түрлерінің биобаламалылығын ескере отырып, левофлоксациннің дәл сондай дозасын қолдануға болады.
Дозалау
Препаратты дозалаудың келесі режимі ұсынылады:
Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі > 50 мл/мин) пациенттер