Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - левофлоксацин гемигидраты 500 мг левофлоксацинге баламалы,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, полисорбат 80, кросповидон, микрокристалды целлюлоза РН 302, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза (15 сps), тальк, титанның қостотығы (E171), темірдің (III) қызыл тотығы (E 172), темірдің (III) сары тотығы (E 172), пропиленгликоль, диэтилфталат.
Қолданылуы
Ересектерге келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және радикалды емдеу
Төмендегі инфекциялар кезінде препаратты әдетте келесі инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдану орынсыз деп саналған кезде ғана қолдану керек.
- жедел бактериялық синусит
- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит
Левомак 500 левофлоксацинмен вена ішіне бастапқы емдеу кезінде жақсарған пациенттерде терапия курсын аяқтау үшін де қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе дәрілік препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
эпилепсия
фторхинолондарды бұрын қолданған кезде байқалған сіңірлердің зақымдануы
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Доза инфекцияның типі мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты. Таблеткалар тәулігіне бір немесе екі рет ішке қабылданады.
Левомак 500 келесі дозаларда қолдану ұсынылады:
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде дозалануы (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)