Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - хлорамфеникол – 2,5 мг
қосымша заттар - бор қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған конъюнктивиттер, кератиттер, блефариттер.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- жеке жақпаушылықта
- тері ауруларында (псориаз, экзема, зеңдік зақымдануларда)
- жедел интермиттирлейтін порфирияда
- көздің вирустық және зеңдік ауруларында
- алдыңғы хлорамфениколды қолданғаннан кейінгі миелосупрессия
- апластикалық анемияны қоса, қанның жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын дискразиясында
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығында
- жүктілік және лактация кезеңінде
- 1 жасқа дейінгі балаларда (0,25%)
- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде
Дозасы
1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға - 0,25% тамшылар:
- алғашқы 2 күнде екі сағат сайын зақымдалған көзге 1 тамшыдан.
Алғашқы 2 күннен кейін - әр төрт сағат сайын зақымдалған көзге 1 тамшыдан
8 жастан асқан балаларға және ересектерге - 0,25%:
- екі көзге күніне 1-2 тамшыдан 3-4 рет.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.