Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - хлорамфеникол - 5,0 мг
қосымша заттар - бор қышқылы, натрий гидроксиді 1М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- Конъюнктивиттер
- Кератиттер
- Блефариттер, препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- жеке жақпаушылықта
- тері ауруларында (псориаз, экзема, зеңдік зақымдануларда)
- жедел интермиттирлейтін порфирияда
- көздің вирустық және зеңдік ауруларында
- алдыңғы хлорамфениколды қолданғаннан кейінгі миелосупрессия
- апластикалық анемияны қоса, қанның жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын дискразиясында
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығында
- жүктілік және лактация кезеңінде
- 3 жасқа дейінгі балалар (0,5% үшін)
- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде
Дозасы
3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға - 0,5% тамшылар:
- екі көзге күніне 1 тамшыдан 3-4 рет.
8 жастан асқан балаларға және ересектерге - 0,5% тамшылар:
- екі көзге күніне 1-2 тамшыдан 3-4 рет.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер әр пациент үшін жекелей анықтайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.