Артқа
ЛЕВОЯПС 500 мг №10 таблетки

ЛЕВОЯПС 500 мг №10 таблетки

5 840 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Левофлоксацин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Греция
  • Өндіруші: PHARMATHEN S.A.

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 512,46 мг левофлоксацин полугидраты (500,0 мг левофлоксацинге баламалы) қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза Гидроксипропилцеллюлоза Кросповидон Магний стеараты Қабығы: Опадрай қызғылт сары OY-S-33016 Гипромеллоза 2910 3 мПас (Е 464) Гипромеллоза 2910 6 мПас (Е 464) Титанның қостотығы (Е 171) Макрогол/полиэтиленгликоль 4000 (Е 1521) FD&C сары #6 күн батар түстес сары алюминий лагы (Е 110) Темірдің қызыл тотығы (Е 172) FD&C көгілдір #2 индиго кармин алюминий лагы (Е 132) Темірдің сары тотығы (Е 172)

Қолданылуы

ЛЕВОЯПС препараты келесі инфекцияларды емдеу үшін ересектерде қолдануға арналған: жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары созылмалы бактериялық простатит сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика және радикалды емдеу Төменде аталған аурулар кезінде, ЛЕВОЯПС препаратын әдетте осы аурулардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану керек: жедел бактериялық синусит созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі ауруханадан тыс пневмония терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары асқынбаған цистит. ЛЕВОЯПС препараты сондай ақ левофлоксацинді вена ішіне енгізумен бастапқы емдеуде жақсаруы байқалған пациенттерде емнің курсын жалғастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бактерияға қарсы препараттарды қолдану жөніндегі ұлттық нұсқаулық ұсынымдарын орындау қажет.

Қарсы көрсетілімдер

левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық эпилепсиясы бар пациенттерге фторхинолондарды қабылдаумен байланысты анамнезінде тендинитпен ауыратын пациенттерге жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Дозасы

ЛЕВОЯПС препаратын тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Тәуліктік доза ауруға, оның ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты. ЛЕВОЯПС препараты, 500 мг таблеткалар, сондай-ақ вена ішіне енгізуге арналған левофлоксацинмен бастапқы емдеуден кейін жақсару болғанда емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін. Дозасы: бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін (креатинин клиренсі ≤ 50 мл / мин) ЛЕВОЯПС препаратының келесі дозалары ұсынылады, таблеткалар 500 мг, тәуліктік доза аурудың ауырлығына байланысты болады. Жедел бактериялық синусит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 10-14 күн. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының, соның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7-10 күн. Ауруханадан тыс пневмония: тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг-ден, емдеу ұзақтығы 7-14 күн. Жедел пиелонефрит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн. Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7-14 күн. Асқынбаған цистит: тәулігіне 1 рет 250 мг, емдеу ұзақтығы 3 күн. Созылмалы бактериялық простатит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 28 күн. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары: тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг-ден, емдеу ұзақтығы 7 - 14 күн. Сібір ойық жарасы: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 8 апта. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 50 мл / мин)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.