Қолданылуы
профилактика үшін және емдеуде қосымша дәрі ретінде:
- балалар мен ересектердегі асқазан-ішек жолдарының вирустық және бактериялық инфекцияларынан туындаған дисбиоз (дисбактериоз), диарея, іштің кебуі және басқа да асқазан-ішек жолдарының бұзылуларының (мысалы, ротавирусты инфекция, «саяхатшылар» диареясы); әсер ету ауқымы кең антибиотиктер және химиотерапиялық препараттардан; құрсақ қуысы мен жамбас ағзаларын сәулемен емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне немесе сүт өнімдеріне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Емшектегі балалар мен 2 жасқа дейінгі балаларға
Күніне 3 рет 1 капсуладан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қажетті мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың тіршілік қабілетіне әсер етпейді.
Ерте жастағы балаларда асқазан сөлінің қышқылдылық деңгейі ересектердегіге қарағанда төмен, сондықтан ЛИНЕКС® бактериялары балаларда асқазан сөлінің әсеріне төзімді және ішекке дейін өзгермеген түрде жетеді.
2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға
Күніне 3 рет 1-2 капсуладан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Капсуланы ашу және ішіндегісін аздаған мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға
Күніне 3 рет 1-2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Күніне 3 рет 2 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.
Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 2 капсула.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 6 капсула.
Енгізу әдісі мен жолы
ЛИНЕКС® тамақтану кезінде қабылдануы керек, бұл оның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебі мен организмнің жекелей ерекшеліктеріне байланысты.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.