Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – Probio-Tec AB Blend-64 - 60.0 мг, құрамында:
Lactobacillus acidophilus - шамамен 25.741 мг (кемінде 1 х
109 КТБ/капсула),
Bifidobacterium animalis subsp. lactis – шамамен 3.061 мг
(кемінде 1 х 109 КТБ/капсула).
Сүтқышқылды бактериялар жиынтығы кемінде 2 х 109 КТБ/капсула.
қосымша заттар: Probio-Tec AB Blend-64 құрамында: мальтодекстрин2, Beneo® Synergy 13, магний стеараты.
капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), гидроксипропилметилцеллюлоза.
капсула қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), гидроксипропилметилцеллюлоза.
1 - Микробиологиялық өсірінді мөлшері қоспада сериядан серияға дейін аздап өзгереді. Бұл жеке штамдар өндірілгенде ферментация өнімнің ауытқымалылығына байланысты жүреді.
2 Мальтодекстрин толтырғыш ретінде пайдаланылады. Толтырғыштың саны пайдаланылатын микробиологиялық өсірінді санының ауытқуын компенсациялау үшін түзетіледі. Бұл микробиологиялық өсірінді мен мальтодекстриндердің шамалы өзгеруі мүмкін мөлшерін тек типтік мəндер түрінде ғана көрсететілетінін түсіндіреді.
3- Beneo® Synergy 1 құрамында: 90 % - 94 % инулин және 6 % - 10 % олигофруктоза (глюкоза+фруктоза+сахароза)
Қолданылуы
- балалар мен ересектердегі асқазан-ішек жолдарының вирустық және бактериялық инфекциялардан туындаған дисбиоз (дисбактериоз), диарея, іш кебуі және басқа да асқазан-ішек бұзулулары кезінде (мысалы, ротавирусты инфекция, «саяхатшылар» диареясы); микробқа қарсы дәрілер (антибиотиктер және басқа да синтетикалық микробқа қарсы дәрілер); құрсақ қуысы мен жамбас мүшелерін сәулемен емдеу профилактикасы және емі үшін қосымша дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе сүт өнімдеріне немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық (жақпаушылық)
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға тамақтану кезінде күніне 1 рет 1 капсуладан аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады.
Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қажетті мөлшердегі сұйықтықпен - шаймен, шырынмен, қант қосылған сумен араластыру керек. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың тіршілік қабілетіне әсер етпейді.
2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға тамақтану кезінде 1 капсуладан күніне 1-2 рет аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау ұсынылады.
Егер бала бүтін капсуланы жұта алмаса, оны ашып ішіндегіні аздаған мөлшердегі сұйықтықпен араластырып беруге болады.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тамақтану кезінде 1 капсуладан күніне 1-3 рет аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебі мен организмнің жекелей ерекшеліктеріне байланысты. Препаратты симптомдар жойылғанға дейін қабылдауға болады.
Егер ЛИНЕКС® фортемен екі күн емдегеннен кейін пациенттің жай-күйі жақсармаса, пациент дәрігерге көріну тиіс.
1 жасқа дейінгі балаларға ЛИНЕКС® фортені қолдану ұсынылмайды. Осы жас тобы үшін препараттың неғұрлым қолайлы шығарылу түрлерінде қабылдау ұсынылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.