Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 522,5 мг натрий цитиколині 100 % құрғақ затқа шаққанда (бұл цитиколинге баламалы) – 500 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, гидрогенделген майсана майы, тальк, магний стеараты;
үлбірлі қабық:
Opadry white II 85 F 18422 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, тальк).
Opadry white 03 F 180011 (гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 8000).
Қолданылуы
инсульт, ми қан айналымы бұзылуының жедел фазасы және ми қан айналымы бұзылуының асқынулары мен салдарын емдеу
бассүйек-ми жарақаты және оның неврологиялық салдары
когнитивті бұзылулар және созылмалы тамырлық және дегенеративті церебральді бұзылыстарға байланысты мінез-құлықтың бұзылуы
Дозасы
Ересектер
Ұсынылатын дозасы аурудың ауырлығына байланысты күніне 500-ден 2000 мг-ға дейін (1-4 таблетка).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы адамдар
Осы жас тобы үшін дозаны түзету қажет емес.
Балалар:
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана қолдану керек.
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетуді қажет етпейді.