Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: лизоцим гидрохлориді құрғақ затқа шаққанда - 10 мг,
деквалиний хлориді 100 % құрғақ затқа шаққанда- 0,25 мг;
қосымша заттар: декстроза моногидраты F, повидон, магний стеараты, дәмдік қоспалар: какао ұнтағы, шоколад.
Қолданылуы
препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтың қабыну процестерін жергілікті антисептикалық емдеуде (катаральді, ойық жаралы, фиброзды гингивиттер; афтозды стоматиттер; ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы; фарингиттер; тонзиллиттер; ларингиттер және глосситтер)
ауыз қуысы мен тамаққа операциялық араласуға дейінгі және кейінгі инфекциялардың профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын дозалар.
Әрбір 2-3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 10 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін - әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын дозалар.
Әрбір 3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 5 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін - әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы шайнамай баяу сорған жөн.
Препаратты қолданғаннан кейін 30 минут тамақтанбау және сұйықтық ішпеу ұсынылады.
Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы 1-2 тәулік бойы жалғастыру керек. Лизак® препаратын ауру симптомдары жойылғанға дейін қолдану ұсынылады. Егер симптомдар 5-7 тәуліктік емдеуден кейін жойылмаса, емдеудің одан әрі тактикасын анықтау мақсатында дәрігермен кеңесу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.