Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – лизиноприл (лизиноприл дигидраты түрінде) – 5 мг және 10 мг;
қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, повидон, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Артериялық гипертензияны емдеу;
Симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеу;
Жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерді қысқа мерзімді (6 апта) емдеу;
2 типті қант диабетімен және нефропатияның бастапқы сатысымен біріктірілген артериялық гипертензиясы бар пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігін емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе ангиотензин-өзгертетін ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық;
АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеуге байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну;
Лизиноприл препаратын сакубитрил/валсартан біріктірілімімен бір мезгілде қолдану. Лизиноприл препаратын қабылдауды сакубитрил/валсартанның соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды;
тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну;
жүктіліктің II және III триместрлері;
бала емізу кезеңі;
Лизиноприл препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2 дене беткейінің ауданы) қарсы көрсетілімді.
Дозасы
Доза пациенттің жағдайына және артериялық қысымның деңгейіне қарай жеке анықталады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.