Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар:
Лизоцим гидрохлориді*
20,00 мг
Пиридоксин гидрохлориді
10,00 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза, магний стеараты, натрий сахаринаты, ванилин
* - өндіріске арналған шикізат – жұмыртқа ақуызы
Қолданылуы
Ойық жараларды қоса, ауыз қуысы мен ауыз-жұтқыншақ шырышты қабығының инфекциялық-қабыну ауруларын қосымша жергілікті емдеу (біріктірілген ем құрамында). Лизобакт® препараты ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға арналған. Бактериялық инфекцияның жалпы клиникалық белгілері пайда болған кезде жүйелі антибиотиктік емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- 6 жасқа дейінгі балалар;
- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
- тауық жұмыртқасына аллергия.
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар
Препарат жергілікті қолданылады. Лизобакт® таблеткаларын тістемей, еріген таблетканы ауызда толық ерігенге дейін барынша ұзағырақ ұстап, баяу сору қажет. 6-12 жас аралығындағы балалар - тәулігіне 4 рет 1 таблеткадан. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар - тәулігіне 3-4 рет 2 таблеткадан. Қабылдануы уақыт бойынша кемінде 1 сағат аралықпен болуы керек. Симптомдар 5 күннен артық сақталса және/немесе қатарлас жүретін қызба болған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.