Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді
бір таблетканың құрамында белсенді заттар: лизоцим гидрохлориді 20,00 мг, 800 000 fip бірлігіне баламалы цетилпиридиний хлориді 1,50 мг
қосымша заттар: сорбитол, повидон, бұрыш жалбызының хош иістендіргіші, магний стеараты.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, екі беті дөңес, тығыздалған, соруға арналған дөңгелек таблеткалар.
Дозасы
Ересек пациенттер мен 6 жастан асқан балалар
Препаратты қабылдау арасында 2 сағатқа тең ең аз аралықты сақтаумен күніне орташа 3-6 таблеткадан.
Балалар:
ЛИЗОБАКТ ДУО® препараты 6 жастан кіші балаларда қолдануға арналмаған.
Емдеу ұзақтығы:
Емдеу курсының ұсынылатын ұзақтығы 5 күннен аспайды
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды ауыз қуысында, ең дұрысы - тіл астында сору керек. Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары туралы ақпарат жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық