Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – лоперамид гидрохлориді 2.0 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты
капсула қақпақшасының құрамы: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин
капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), қан қызыл (Е 124), патенттелген көк (Е 131), бриллиантты қара (Е 151), желатин
Қолданылуы
- жедел және созылмалы диареяда
- илеостомасы бар науқастардың нәжісін реттеуде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- Лоперамид-ТК препаратын бірінші желідегі препарат ретінде пайдалануға болмайды:
нәжісте қанның пайда болуымен, және жоғары температурамен сипатталатын жедел дизентериясы бар пациенттерде;
спецификалық емес жедел ойық жаралы колиті бар пациенттерде;
сальмонеллаларды, шигеллаларды және кампилобактерияларды қоса, инвазивтік микроорганизмдерден туындаған бактериялық энтероколиті бар пациенттерде;
әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдаланумен байланысты жалған жарғақшалы колиті бар пациенттерде
- ішек бітелуі, мегаколон немесе уытты мегаколон (соның ішінде, ауыр асқынулар қаупінің ықтималдығына байланысты, перистальтикасының бәсеңдеуін болдырмау қажет болған жағдайда)
- 18 жасқа дейінгі балаларға
жүктіліктің I триместрі
лактация кезеңі
тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Іш қатуы, іш кебуі немесе ішектің бітелуі дамыған жағдайда, Лоперамид-ТК препаратын қолдануды тез арада тоқтату қажет.
Сақтықпен:
бауыр жеткіліксіздігі кезінде
Дозасы
Ересектер, оның ішінде егде жастағылар:
Жедел диарея: бастапқы дозасы - 2 капсула (4 мг), ары қарай нәжіс сұйық болған жағдайда, үлкен дәретке әрбір шығудан кейін 1 капсуладан (2 мг) қабылдайды (тәулігіне ең көбі 8 мг дейін).
Созылмалы диарея: бастапқы дозасы – тәулігіне 2 капсула (4 мг); бұл дозасы, әдетте, ары қарай, үлкен дәретке шығу жиілігі тәулігіне 1-2 ретті құрайтындай етіп жекелей түзетіледі, оған әдетте, тәулігіне 1-ден 4 капсулаға дейінгі демеуші дозасы арқылы қол жеткізіледі.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы. Жедел және созылмалы диарея кезінде - 4 капсула (8 мг).
Қалыпты нәжіс пайда болғанда немесе 12 сағаттан артық уақыт нәжіс болмаған жағдайда, препаратты тоқтатады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.