Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - бензидамин гидрохлориді 1.500 мг
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, полисорбат 20, этил спирті 96 %, глицерин, сахарин, метилпарагидроксибензоат, бұрыш жалбызы майы, тазартылған су.
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен тамақтың ауырсыну синдромымен (мысалы, гингивит, стоматит, фарингит) қатар жүретін жағдайларды қоса, сондай-ақ консервативті стоматологиялық емшаралардан немесе тіс экстракциясынан кейінгі тітіркену мен қабыну жағдайларын симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші зат - бензидамин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 2-6 рет 4-8 бүрку.
Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға -күніне 2-6 рет 4 бүрку.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр 4 кг салмаққа 1 бүркуден, бірақ күніне 2-6 рет 4 бүркуден (ең жоғары бір реттік доза) аспайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.