Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 50 мг калий лозартаны,
12,5 мг гидрохлоротиазид,
қосымша заттар: маннитол (Е 421), микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, повидон 30, магний стеараты,
үлбірлі қабықтың құрамы:
гипромеллоза 2910/5, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары алюминий лагы (Е104), понсо 4R алюминий лагы (E124), cиметикон эмульсиясы SE4 (тазартылған су, полидиметилсилоксан, метилцеллюлоза, сорбин қышқылы).
Қарсы көрсетілімдер
- препарттың белсенді және қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- басқа препараттарға – сульфонамидтер туындыларына аса жоғары сезімталдық
- емге төзімді гипокалиемия, гиперкальциемия
- рефрактерлі гипонатриемия
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, холестаз, өт шығару жолдарының обструкциялық аурулары
- симптоматикалық гиперурикемия / подагра
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына <30 мл)
- анурия
- жүктіліктің II және II триместрі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- қант диабетіне немесе бүйрек жеткіліксіздігіне (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) шалдыққан пациенттерге құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану