Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: алюминий гидроксиді
(200,0 мг алюминий тотығына баламалы) 400,0 мг,
магний гидроксиді 400,0 мг,
қосымша заттар: крахмал қосылған сахарозадан алынған ұнтақ**, сорбитол, маннитол, натрий сахаринаты, магний стеараты, бұрышты жалбыз дәмі бар хош иістендіргіш ұнтағы, сахароза.
** - құрамында 3% крахмал бар кондитерлік қант.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық
- порфириясы бар пациенттер
- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері
- қатты жүдеу
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
1-2 таблеткадан, тамақтанудан кейін 20-60 минуттан соң және ұйықтар алдында. Күніне ең жоғарғы доза: 6 доза. Күніне 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды мұқият сору немесе жақсылап шайнау қажет. Таблеткаларды сумен немесе сүтпен ішуге болады. Ұсынылған ең жоғары дозалардан асыру ұсынылмайды.