Құрамы
Бір шайнайтын таблетканың құрамында
белсенді заттар - магний гидроксиді 200,0 мг,
алюминий гидроксиді 200,0 мг,
диметикон (26.25 мг симетиконға баламалы*) 25,0 мг
қосымша заттар: маннитол, сахароза, кристалданбайтын сұйық сорбитол**, натрий сахаринаты, тальк, магний стеараты, желатинделген жүгері крахмалы, жүгері крахмалы, сорбитол, лимон хош иістендіргіші, швейцария кілегейі хош иістендіргіші, сусыз лимон қышқылы, сусыз глюкоза, темірдің сары тотығы (Е 172)
* - рұқсат етілген артықшылықты қоспағанда;
**- 22.960 мг ұнтақ тәрізді сорбитолға сәйкес келеді
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- порфириясы бар пациенттер
- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері (креатинин клиренсінің жылдамдығы 30 мл/мин аз)
- қатты жүдеу
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: 2-4 таблеткадан күніне 4 рет тамақтанудан кейін 20-60 минуттан соң және ұйықтар алдында.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды сору немесе жақсылап шайнау қажет, сумен немесе сүтпен ішуге болады.
Медициналық рецептте жазылғанды қоспағанда, ең жоғары белгіленген дозадан асырмаңыз.