Артқа
Магния сульфат 25%, 5 мл, №10, амп.

Магния сульфат 25%, 5 мл, №10, амп.

435 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Магния сульфат

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Бір ампула (5 мл) ішінде: белсенді зат – 1.25 г магний сульфаты гептагидраты, қосымша заттар – натрий гидроксиді ерітіндісі 0.1 М, инъекцияға арналған су.

Қолданылуы

- гипомагнемия кезінде магний тапшылығын емдеуде пероральді қолдану жеткілікті тиімді болмаған кезде - эклампсиямен байланысты құрысулар ұстамаларының туындауының алдын алу үшін

Қарсы көрсетілімдер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - артериялық гипотензия, айқын брадикардия (ЖЖЖ минутына 55 соғудан кем), атриовентрикулярлық блокада - кальцийдің тапшылығы және тыныс орталығының басылуымен байланысты жағдайлар, тыныс алу ағзаларының ауыр аурулары - кахексия - бүйрек функциясының бұзылуы, айқын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 20 мл/мин кем) - миастения - қатерлі жаңа түзілімдер - етеккір - босануға дейінгі кезең (босанғанға дейін 2 сағат), лактация кезеңі

Дозасы

Вена ішіне енгізу үшін: а) Гипомагниемия кезінде магний тапшылығын емдеу: Ересек және егде жастағы пациенттер: Дозалау пациенттің қажеттіліктеріне және организмнің жауап беру реакциясына сәйкес жеке болуы тиіс. Қан плазмасындағы магний деңгейін емдеу курсы бойына бақылап отыру керек. Тапшылықты толтыру үшін 5 күн бойы (диурездің адекваттылығы мен деңгейін ескере отырып) вена ішіне баяу инфузия (5% глюкозада) арқылы 160 ммольге дейін магний иондары (200 мл 25% ерітінді) қажет болуы мүмкін. Балалар: Магний тапшылығы кезінде: 100 мг/кг (0,5 мл/кг 25% ерітінді немесе 0,4 ммоль/кг магний ионы) қажет болған жағдайда әрбір 12 сағат сайын қайталай отырып, бір реттік доза түрінде. Магний деңгейінің төмендігімен байланысты құрысулар: қажет болған жағдайда әрбір 4 6 сағат сайын 20 40 мг/кг (0,1 0,2 мл/кг 25% ерітінді немесе 0,08 0,16 ммоль/кг магний иондары). Бүйрек жеткіліксіздігі: Бүйрек жеткіліксіздігі бар болған кезде дозаны азайту қажет. Қан плазмасындағы магний деңгейін емдеу курсы бойына бақылап отыру керек. Доза 48 сағат ішінде 20 г аспауы тиіс (100 мл 25% ерітінді немесе 80 ммоль магний ионы). б) Эклампсиямен байланысты құрысулардың одан әрі туындауын болдырмау үшін: Вена ішіне енгізу: Бастапқы дозаны 4 г /16 мл немесе 16 ммоль/16 мл магний ионын (20 мл 25% ерітінді) енгізгеннен кейін немесе кейбір жағдайларда 5 г/20 мл немесе 20 ммоль/20 мл вена ішіне енгізгеннен кейін, жоғарыда сипатталғандай, соңғы енгізгеннен кейін 24 сағат ішінде 1 г/сағ вена ішіне инфузия жасалады. Қайталамалы құрысулар: вена ішіне енгізу кезінде, егер құрысулар қайталанса, қосымша вена ішіне 2 4 г/8 16 мл немесе 8 16 ммоль/8 16 мл магний иондарын енгізеді (пациенттің салмағына байланысты, егер 70 кг-нан аз болса, 2 г) енгізу ұзақтығы 5 минутқа дейін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны төмендету ұсынылады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде дәрілік заттың дозасы соңғы 48 сағат ішінде 20 г (80 ммоль магний ионы) аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне. Бұлшықет ішіне енгізуді шеткері веноздық енгізу жолы болмаған кезде қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.