Құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді заттар: нифурател, 10 г,
нистатин, 4 000 000 ХБ,
қосымша заттар: ксалифин 15, метилпарагидроксибензоат,
пропилпарагидроксибензоат, глицерин, 70 % сорбитол ерітіндісі, пропиленгликоль, карбомер, 30 % триэтаноламин, тазартылған су.
Қолданылуы
препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялар, трихомонадтар, Кандида тектес зеңдер, хламидиялар туындатқан вульвовагиналды ауруларда.
Дозасы
Ұсынылатын доза тәулігіне бір немесе екі рет, немесе дәрігер тағайындағандай, қынапқа кешке және/немесе таңертең енгізуге арналған 2,5 г қынаптық кремді құрайды.