Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 731,707 мг (3 000 000 ХБ) спирамицин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 302), сусыз коллоидты кремний, натрий крахмал гликоляты (А типі), тазартылған тальк, магний стеараты, гипромеллоза (Е-5), диэтилфталат, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171)
Қолданылуы
Спирамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларында:
- тыныс жолдарының инфекцияларында (синусит, тонзиллит, атипиялық пневмонияны қоса, ауруханадан тыс жедел пневмония, жедел бронхит, созылмалы бронхиттің өршуі)
- периодонтит және ауыз қуысының инфекциялары
- несеп-жыныс жүйесінің инфекцияларында (простатит, уретрит, жыныстық жолмен берілетін ауруларда (соның ішінде, гениталий хламидиозы))
- тері инфекцияларында (импетиго, дерматоз импетигинизациясы, эктима, инфекциялық дермо-гиподермит (әсіресе, тілмелі қабыну), эритразма, абсцесс)
- остеомиелит, артрит
- жүкті әйелдердегі токсоплазмоз
Қарсы көрсетілімдер
- спирамицинге, басқа макролидтерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер:
Инфекциялық ауруларды емдеу үшін: күніне 2-3 рет 1 таблеткадан (3 млн ХБ). Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 6-9 млн ХБ. Ауырырақ инфекцияар кезінде тәуліктік дозасын күніне 2 немесе 4 қабылдауға 15 млн ХБ дейін арттыруға болады.
Токсоплазмозды емдеу үшін: 3 апта бойы күніне 3 млн ХБ 5-7 таблеткадан (5-7 г) немесе 6 апта бойы күніне 3 млн ХБ 2 таблеткадан (2 г).
6 жастан асқан балалар: күніне 2 немесе 4 қабылдауға бөлінген 75–150 мың ХБ (25-50 мг/кг). Жекелеген жағдайларда күніне 125 мг/кг дейін тағайындауға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.