Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол 500,00 мг, хлорфенамин малеаты 10,00 мг, аскорбин қышқылы 200,00 мг
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, аспартам, натрий карбонаты, макрогол, натрий лаурилсульфаты, таңқурай хош иістендіргіші («Таңқурай» хош иісті жеміс қоспасы), дәмді түзеткіш, қызыл қызылша шырынының ұнтағы, рибофлавин-5-натрий фосфаты.
Қолданылуы
- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық
- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау
- препаратты қабылдайтын немесе қабылдаған пациенттер және соңғы 14 күн ішіндегі МАО
- асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымданулары (өршу фазасында)
- қуық мойнының обструкциясы, қақпа мен он екі елі ішектің стенозы немесе асқазан-ішек жолдары мен несеп-жыныс жүйесінің басқа бөліктерінің стенозы
- бүйрек және/немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігі
- алкоголизм
- жабық бұрышты глаукома
- қуықасты безінің гиперплазиясы
- гипероксалурия
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер мен 16 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс.
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс.
Емдеу ұзақтығы
МаксиГриппин® қысқа мерзімді қолдануға арналған. Егер симптомдар 3 күндік емдеуден кейін жақсармаса, емдеу тактикасын қайта қарау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы (50-600С) суда толық еріту және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақтану арасында қабылдаған дұрыс
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.