Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – 300.72 мг цефуроксим аксетилі (250.0 цефуроксимге баламалы), 601.44 мг цефуроксим аксетилі (500.0 цефуроксимге баламалы);
қосымша заттар: желатинделген крахмал, кросповидон (Коллидон Cl), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), қабық үшін материал № 1 (Sepifilm LP 770).
Қабықтың құрамы №1 (Sepifilm LP 770): гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза) (Е464), микрокристалды целлюлоза (Е460), стеарин қышқылы (Е570), титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
МЕГАСЕФ® ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған:
- жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит
- жедел бактериялық синусит
- жедел ортаңғы отит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- цистит
- пиелонефрит
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары
- Лайм ауруының ерте сатысын емдеу
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- цефалоспоринді антибиотиктерге белгілі аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер
-бета-лактамды бактерияға қарсы дәрілердің (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) кез келген басқа түріне анамнездегі ауыр аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакция)
- 6 жасқа дейінгі балаларға