Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: мелатонин 3 мг,
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
- ұйқы бұзылысы, оның ішінде десинхроноз кезінде (сағат белдеулерінің күрт өзгеруі) кезінде ұйықтау – ояу болу ырғағының бұзылуына байланысты ұйқы бұзылысы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бүйрек функциясының айқын бұзылуы, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі
- аутоиммундық аурулар
- бауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Ұйқы бұзылған кезде –тәулігіне 1 рет ұйықтағанға дейін 30-40 минут бұрын 3 мг (1 таблетка).
Сағат белдеуі ауысқанда адаптоген ретінде десинхроноз кезінде: ұшудан 1 күн бұрын және келесі 2-5 күнде ұйықтағанға дейін 30-40 минут бұрын 1 таблеткадан.
Ең жоғары тәуліктік доза күніне 2 таблеткаға дейін (тәулігіне 6 мг).
Алкоголь ұйқыны және сағат белдеулері ауысуының кейбір симптомдарын (мысалы, бас ауыруы, азанғы шаршау, зейін қою қабілеті) нашарлатуы мүмкін болғандықтан, МЕЛАКСЕН® препаратын қабылдаған кезде алкоголь тұтыну ұсынылмайды.
Мелатонин жартылай шығарудың қысқа уақытына ие -30-50 мин. Бүйрекпен метаболиттер түрінде шығарылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды сұйықтықпен іше отырып, тұтастай жұту керек. Тамақты препарат қабылдаудан 2 сағат бұрын және қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде жеуге болмайды, өйткені тағам МЕЛАКСЕН®препаратының тиімділігін баяулатады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.