Артқа
МЕРОПЕНЕМ 1г №1 флакон Красфарма

МЕРОПЕНЕМ 1г №1 флакон Красфарма

9:00-ден кейін қолжетімді

4 000 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Меропенем

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Красфарма ОАО

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - меропенем тригидраты меропенемге шаққанда - 0.5 г; 1.0 г қосымша зат: натрий карбонаты – 0.104 г; 0.208 г

Қолданылуы

Меропенем ересектер мен 3 ай шамасындағы және одан үлкен балалардағы келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - ауыр пневмонияда (ауруханадан тыс және ауруханаішілік) - муковисцидозы бар пациенттердегі бронх-өкпе инфекцияларында - несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында - асқынған интраабдоминальді инфекцияларда - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында - босанғаннан кейінгі инфекцияларда - жедел бактериялық менингитте - жоғарыда көрсетілген инфекциялармен байланысты септицемиясы/бактериемиясы бар пациенттерді емдеуде. Бактериялық инфекциядан туындаған қызбаға күдіктенген жағдайда, Меропенемді нейтропениясы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады. Препараттың педиатриялық тәжрибеде нейтропениясы немесе бастапқы немесе салдарлы иммун тапшылығы бар пациенттерде қолданылу тәжірибесі жоқ.

Қарсы көрсетілімдер

- меропенемге немесе препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - карбапенемдер тобына жататын бактерияға қарсы басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық - 3 айға дейінгі балаларға (пациенттердің аталған тобы үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген) - бета-лактамдық құрылымға ие бактерияға қарсы кез келген дәріге (соның ішінде, пенициллиндер мен цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары). Сақтықпен: Меропенемді нефроуытты болуы ықтимал препараттармен бір мезгілде тағайындау. Асқазан-ішек аурулары бар, әсіресе, колиттерден зардап шегіп жүрген адамдарға.

Дозасы

Қолдану тәсілі және дозалары Вена ішіне (в/і) болюстеп немесе инфузиялық жолмен. Дозалары мен емдеу ұзақтығы инфекцияның типіне, ауырлығына және пациенттің жағдайына байланысты белгіленуі тиіс. Ересектер Төмендегі кестеде ересектер мен жасөспірімдерде дозасын таңдау жөнінідегі жалпы ұсынымдар келтірілген: Инфекция Әр 8 сағат сайын енгізілетін дозасы Ауыр пневмония (ауруханадан тыс және ауруханаішілік) 500 мг-ден 1 г дейін Муковисцидозы бар пациенттердегі бронх-өкпе инфекциялары 2 г Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары 500 мг-ден 1 г дейін Асқынған интраабдоминальді инфекциялар 500 мг-ден 1 г дейін Босанғаннан кейінгі инфекциялар 500 мг-ден 1 г дейін Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары 500 мг-ден 1 г дейін Жедел бактериялық менингит 2 г Фебрильді нейтропения 1 г Кейбір инфекцияларды, атап айтқанда, сезімталдығы аз қоздырғыштардан (Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp. сияқты) туындаған инфекцияларды емдеу үшін, немесе аса ауыр инфекциялар кезінде ұсынылатын дозасы әр 8 сағат сайын 2 г дейін құрайды. Меропенем әдетте, 15-30 минутқа созылатын венаішілік инфузия жолымен енгізіледі. Препараттың 1 г дейінгі дозасын венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізуге болады. 2 г дозасын венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізудің қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген. Ересектер мен жасөспірімдерде бүйрек функциясының бұзылуы жағдайындағы дозалары. Креатинин клиренсі 51 мл/минуттан аз пациенттерде дозасы төмендегідей азайтылуы тиіс: Креатинин клиренсі, (мл/мин) Дозасы (дозасының 500 мг, немесе 1 г немесе 2 г бірлігі негізінде) Енгізу жиілігі 26-50 бір бірлік дозасы әр 12 сағат сайын 10-25 0,5 бірлік дозасы әр 12 сағат сайын <10 0,5 бірлік дозасы әр 24 сағат сайын 2 г тең дозасының бірлігін түзету туралы деректер шектеулі. Меропенем гемодиализ және гемофильтрация арқылы шығарылады. Сондықтан, препараттың қажетті дозасы гемодиализ емшарасы аяқтала келе енгізілуі тиіс. Қазіргі кезде меропенемді перитонеальді диализ жүргізілетін пациенттерге енгізу үшін қолдану тәжірибесі туралы мәліметтер жоқ. Бауыр функциясының бұзылуы бар ересек пациенттердегі дозалары. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер. Бүйрек функциясы қалыпты немесе креатинин клиренсі 50 мл/минуттан асатын егде жастағы пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. 3 айға толмаған балалар. Меропенемнің 3 айға толмаған балалалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі, оңтайлы дозалары мен енгізу режимдері анықталмаған. Дегенмен, шектеулі фармакокинетикалық мәліметтерге сәйкес, препаратты 20 мг/кг дозада әр 8 сағат сайын енгізуді, меропенемді аталған жас тобы үшін дозалаудың қолайлы режимі ретінде қарастыруға болады. 3 айдан бастап 11 жасқа дейінгі, дене салмағы 50 кг аз балалар. Дозасын таңдау жөніндегі жалпы ұсынымдар төмендегі кестеде келтірілген: Инфекция Әр 8 сағат сайын енгізілетін дозасы Ауыр пневмония (ауруханадан тыс және ауруханаішілік) 10-нан 20 мг/кг дейін Муковисцидозы бар пациенттердегі бронх-өкпе инфекциялары 40 мг/кг Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары 10-нан 20 мг/кг дейін Асқынған интраабдоминальді инфекциялар 10-нан 20 мг/кг дейін Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары 10-нан 20 мг/кг дейін Жедел бактериялық менингит 40 мг/кг Фебрильді нейтропения 20 мг/кг Кейбір инфекцияларды, атап айтқанда, сезімталдығы аз қоздырғыштардан (Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp. сияқты) туындаған инфекцияларды емдеу үшін, немесе аса ауыр инфекциялар кезінде ұсынылатын дозасы әр 8 сағат сайын 40 мг/кг дейінді құрайды. Меропенем әдетте, 15-30 минутқа созылатын венаішілік инфузия жолымен енгізіледі. Препараттың 20 мг/кг дейінгі дозасын шамамен 5 минутқа созылатын венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізуге болады. Балаларда 40 мг/кг дозасын венаішілік болюстік инъекция түінде енгізудің қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген. Дене салмағы 50 кг асатын балаларда ересектерге арналған дозаларын пайдалану керек. Меропенемді бүйрек функциясының бұзылулары бар балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Ерітінділерді дайындау. Венаішілік болюстік инъекциялары үшін 0,5 г препаратты 10 мл, 1 г препаратты - 20 мл инъекцияға арналған суда ерітеді, бұл кезде ерітіндінің концентрациясы 50 мг/мл құрайды. Алынған ерітіндіні 25 °С-ге дейінгі температурада 3 сағат бойы немесе тоңазытқышта (2-8 °С) 16 сағат бойы сақтауға болады. Вена ішіне 3-5 минут бойы баяу енгізеді; егер пациент меропенеммен үйлесімді сұйықтықтарды парентеральді қабылдап жүрсе, в/і инфузияларға арналған арнайы торап немесе инъекция желісінің порты арқылы енгізуге болады. Венаішілік инфузиялары үшін 0,5 г немесе 1 г препаратты инъекцияға арналған 10 мл суда еріту керек. Алынған ерітіндіні ішінде инфузияға арналған үйлесімді ортасы: 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі немесе 5 % декстроза ерітіндісі бар құтыға ауыстырып құяды, бұл кезде ерітіндідегі меропенем концентрациясы 1-ден 20 мг/мл дейін құрауы тиіс. В/і инфузияларға арналған желі арқылы 15- 30 минут бойы енгізеді. Меропенемді ұзаққа созылатын (3 сағатқа дейін) инфузия режимінде қолдану мүмкіндігі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық параметрлеріне негізделеді. Осы уақытқа дейін осы режимді растайтын клиникалық деректер мен қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер шектеулі. 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін пайдаланып дайындалған ерітіндіні 25 °С-ге дейінгі температурада 3 сағат бойы немесе тоңазытқышта (2-8 °С) 24 сағат бойы сақтауға болады. 5 % декстроза ерітіндісін пайдаланып дайындалған ерітінді дереу пайдаланылуы тиіс. Егер ерітіндіні дайындау жағдайларында микробиологиялық контаминациялануы мүмкіндігі жоққа шағыралмайтын болса, дайындалған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу ұсынылады (микробиологиялық тұрғыдан). Концентрациясы мен сақталу ұзақтығына байланысты ерітінді түсінің түссізден сарыға дейін өзгеруі препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне әсер етпейді. Меропенем ерітіндісі мұздатып қатырылмауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.