Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 2,5 мг немесе 5 мг метотрексат,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон, кальций стеараты, картоп крахмалы, сары опадрай (2.5 мг доза таблетка үшін), қызғылт опадрай (5 мг доза таблетка үшін),
2.5 мг доза таблеткаға арналған опадрай құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол/полиэтиленгликоль, хинолинді сары алюминий лагы (Е 104), тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), күн батар түстес сары алюминий лагы (Е 110),
5 мг доза таблеткаға арналған опадрай құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол/полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), күн батар түстес сары алюминий лагы (Е 110),, индигокармин алюминий лагы
(Е 132).
Қолданылуы
Метотрексат, 2.5 мг және 5 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар ересектерде ревматологиялық және дерматологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылады:
- ересек пациенттердегі белсенді ревматоидты артритте:
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) емдеу тиімділігі жеткіліксіз болғанда белсенді түрдегі ауыр ювенильді идиопатиялық артриті бар пациенттердегі полиартритте;
- бақылау үшін фототерапия, PUVA-емдеу және ретиноидтар сияқты басқа емдік әсер ету әдістері жеткіліксіз болған ауыр, резистентті, мүгедектікке әкелетін псориазда;
- ересектердегі псориаздық артриттің ауыр түрлері
Қарсы көрсетілімдер
- метотрексатқа және/немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- туберкулез және АИТВ сияқты ауыр, жедел немесе созылмалы инфекциялық аурулар;
- стоматит және асқазан-ішек жолдарының ойық жаралары;
- алкогольді ұзақ уақыт шамадан тыс пайдаланудан туындаған бауыр аурулары немесе бауырдың басқа созылмалы аурулары;
- бауыр жеткіліксіздігі;
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 50 мл/мин аз);
- қан түзу жүйесінің дисфункциясы (мысалы, алдыңғы сәулелік емдеуден немесе химиотерапиядан кейін), мысалы, сүйек кемігінің гипоплазиясы, лейкопения, тромбоцитопения немесе маңызды анемия;
- иммунитет тапшылығы;
- алкогольді шамадан тыс пайдалану;
- анамнездегі қан аурулары;