Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5.0 мг метронидазол
қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Қолдануға емдік көрсетілімдер метронидазолдың паразитке қарсы және бактерияға қарсы белсенділігіне негізделген. Метронидазолды қолдану дәрілік затқа сезімтал бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеумен шектеледі:
Ішектің немесе бауырдың ауыр амебиазы.
Оларға сезімтал анаэробты бактериялардан туындаған хирургиялық инфекцияларды емдеу.
Аэробты бактерияларға қатысты белсенді антибиотиктермен бірге асқазан-ішек және колоректальді операциялар кезінде сезімтал анаэробты бактериялар тудыратын операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы.
Бактерияларға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалануға қатысты ресми ұсынымдар назарға алынуы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, имидазолдың басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі
Амебиаз
Абсцесс сатысындағы бауыр амебиазында абсцессті дренаждауды метронидазолмен емдеумен бірге жүргізу керек.
Ересектер:
Метронидазолдың дозасы күніне 1,5 г құрайды (вена ішіне инфузия жолымен күніне үш рет 500 мг).
Анаэробты инфекцияларды емдеу
Ересектер:
Метронидазолдың дозасы вена ішіне 2 немесе 3 рет вена ішіне инфузия жолымен тәулігіне 1-ден 1,5 г-ге дейінді құрайды.
Оны, егер пациенттің жағдайы мүмкіндік берсе, сол дозада пероральді қабылдауға болады.
Хирургиядағы операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы
Антибиотикопрофилактика қысқа мерзімді болуы тиіс, әдетте, интраоперациялық кезеңмен шектелген, кейде 24 сағат, бірақ ешқашан 48 сағаттан артық емес.
Ересектер:
Хирургиялық араласу басталғанға дейін 30 минут бұрын метронидазолдың 1 г бір реттік дозасын вена ішіне енгізеді.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Амебиаз
Абсцесс сатысындағы бауыр амебиазында абсцессті дренаждауды метронидазолмен емдеумен бірге жүргізу керек.
Метронидазолдың дозасы вена ішіне инфузиялар жолымен тәулігіне 30-дан 40 мг/кг-ге дейінді құрайды.
Анаэробты инфекцияларды емдеу
Метронидазолдың дозасы 2 немесе 3 рет вена ішіне инфузия жолымен тәулігіне 20-дан 30 мг/кг-ге дейін құрайды.
Хирургиядағы операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы
Хирургиялық араласу басталғанға дейін 30 минут бұрын метронидазолдың 20-дан 40 мг/кг-ге дейін бір реттік дозасын вена ішіне енгізеді.
Енгізу әдісі және жолы
В/і енгізуге арналған. Препаратты тек маман ғана енгізу керек. Препаратты артерия ішіне енгізуден немесе қоршаған тіндерге түсуден аулақ болу керек.
30-60 минут ішінде 100 мл (500 мг) есебінен баяу вена ішіне инфузия жолымен енгізу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.