Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – ибупрофен, 400 мг
қосымша заттар:
ядроның құрамы: жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты
қабықтың құрамы: гипромеллоза (номинальді тұтқырлығы 6мПа • с),
макрогол 4000, повидон К 30, титанның қостотығы (E 171)
Қолданылуы
Келесі жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін:
- бас және тіс ауруы
- бас сақинасы
- ауырсындыратын етеккір
- невралгия
- арқа ауруы
- бұлшықеттік және ревматизмдік ауыру
- тұмау және суық тию кезіндегі қызба жағдайы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдағаннан кейін бронхтың түйілу реакцияларының, демікпенің, риниттің, ангионевроздық ісінудің немесе есекжемнің болуы
- шығу тегі белгісіз қан түзілісінің бұзылуы
- қазіргі кезде немесе бұрын қайталанатын пептикалық ойық жарасының/қан кетулердің (расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген эпизодтың) болуы
- анамнезінде бұрын тағайындалған ҚҚСП-пен емделуге байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе перфорацияның болуы
- қазіргі кезде болып жатқан цереброваскулярлық қан кету немесе басқа қан кету кезінде
- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан)
- гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер
- бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары кезінде
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде (NYHA бойынша IV класс);
- жүктіліктің үшінші триместрі (Жүктілік және лактация кезінде қолдануды қараңыз)
- аталған доза құрамында белсенді заттың болуына байланысты жарамсыз 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Дозалау төмендегі кестеде көрсетілген бөлшектерге байланысты болады. 12 жастан асқан жасөспірімдерде МИГ® 400 препаратын дозалау дене салмағы мен жасына байланысты. Балалар мен жасөспірімдерде бір реттік доза, әдетте 30 мг/кг ең жоғары тәуліктік доза кезінде дене салмағының әр кг 7-10 мг құрайды. Алайда 1200 мг ең жоғары тәуліктік дозаны (үш таблеткаға баламалы) асыруға болмайды.
Таблеткаларды бірдей бөліктерге бөлуге болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.