Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 436,34 моксифлоксацин гидрохлориді (моксифлоксацинге баламалы) (400 мг).
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий крахмалы гликоляты (А типі), маннитол, магний стеараты, этанол, тазартылған су.
қабығының құрамы: опадри II қызғылт 85F240036 (поливинил спирті, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль/макрогол, тальк, темірдің қызыл тотығы Е172, темірдің сары тотығы Е172).
Қолданылуы
Дәрілік препараттарға ұзақ мерзімді, мүгедектікке әкелетін және дамуы ықтимал қайтымсыз елеулі жағымсыз реакциялардың даму қаупін ескере отырып, бұл препарат әдетте инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа антибиотиктер тиімсіз деп саналған жағдайларда қолданылу керек. Бұл төменде келтірілген барлық көрсетілімдерге қатысты. Басқа антибиотиктер жарамсыз деп саналатын жағдайлар келесі кездерде пайда болады:
осы инфекциялық ауруды емдеу үшін ұсынылатын бірінші қатардағы басқа антибиотиктерге төзімділік болуы;
белгілі бір пациентке бірінші қатардағы басқа антибиотиктерді қолдануға қарсы көрсетілім болуы;
бірінші қатардағы басқа антибиотиктер емдеуді тоқтатуды қажет ететін жағымсыз реакцияларды туындатса;
бірінші қатардағы басқа антибиотиктермен емдеу тиімсіз болғанда.
Моксикум 18 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал бактериялардан туындаған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданады:
- жедел бактериялық синуситте
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, соның ішінде бронхитте.
- ауруханадан тыс пневмонияда, ауыр жағдайларынан басқасында;
- кіші жамбас ағзаларының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа (яғни, сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекцияларында), тубоовариальді немесе жамбастың абсцесімен астаспаған қабыну ауруларында.
Моксикум препараты кіші жамбас ағзаларының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа қабыну ауруларының монотерапиясы үшін ұсынылмайды, ол моксифлоксацин-резистентті Neisseria gonorrhoeae микроорганизмдері бар инфекция жоққа шығарылуы мүмкін жағдайлардан басқасында, Neisseria gonorrhoeae моксифлоксацинге резистенттілігінің жоғарылығына байланысты, бактерияға қарсы басқа дәрімен (мысалы, цефалоспоринмен) бірге қолданылуы тиіс.
Сондай-ақ, препаратты келесі көрсетілімдер жағдайында вена ішіне моксифлоксацинмен бастапқы емдеу кезінде жақсару байқалған пациенттердегі емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады:
- ауруханадан тыс пневмонияда;
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.
Моксикум препаратын тері мен жұмсақ тіндердің кез келген инфекцияларының бастапқы емі үшін немесе ауруханадан тыс пневмонияның ауыр ағымды жағдайларында ұсынылмайды.
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- анамнезінде хинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің аурулары/зақымданулары бар пациенттер
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер
Моксикум препаратының ұсынылатын дозасы күніне 1 рет 400 мг (1 таблетканы) құрайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.