Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 16 мг немесе 24 мг бетагистин дигидрохлориді,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, маннитол, тальк, сусыз лимон қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
- бас айналуын (жүрек айнуы және құсумен қатар жүретін), құлақтағы шуылды, естудің үдемелі төмендеуін (кереңдік) қоса, негізгі симптомдармен сипатталатын Меньер синдромы,
- шығу тегі әртүрлі вестибулярлы бас айналуды симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- феохромоцитома: бетагистин дигидрохлорид гистаминнің синтетикалық аналогы болғандықтан, ол катехоламиндердің неоплазмадан босатылуына түрткі болуы мүмкін, бұл гипертензияның ауыр түріне әкелуі мүмкін
- алкоголизм
- эпилепсия
- бауыр аурулары
Дозасы
Ересектерге (егде адамдарды қоса): бастапқыда 16 мг тәулігіне үш рет, дұрысы тамақтану кезінде қабылдау керек. Демеуші дозалар, негізінен тәулігіне 24-48 мг диапазонында болады. Емдеу барысында емдік әсеріне байланысты дозаны түзетеді.
16 мг таблеткалар 1/2- 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылданады.
24 мг таблеткалар 1 таблеткадан күніне 2 рет қабылданады
Балаларға: 18 жастан кіші тұлғаларға тағайындау ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.