Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат – карбоцистеин 2,5 г,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сахароза, глицерин, сорбитол ерітіндісі, 70 %, карамель, натрий гидроксиді, тутти фрутти хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында (бронхит, эмфизема, демікпелі бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, пневмокониоз, силикоз және т.б.);
- жедел респираторлық ауруларда (бронхит, пневмония, жедел демікпелі ұстамалар);
- науқасты бронхоскопия немесе бронхографияға дайындауда қақырықтың түсуін жеңілдету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы;
- 2 жасқа дейінгі балалар;
- жүктілік, лактация кезеңі;
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге.
Дозасы
2-5 жастағы балалар үшін дозасы 1 шай қасық (5 мл) шәрбат күніне 2 рет.
5-12 жастағы балалар үшін дозасы 1 шай қасық (5 мл) шәрбат күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Мукосолды жылы судың мол мөлшерімен тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.