Құрамы
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат - карбоцистеин 375 мг
қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон К30, тальк, магний стеараты.
Қақпақшасы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е 122), хинолинді сары (Е 104)
Корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), «Күн батар түстес» сары (Е 110), бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е 122)
Қолданылуы
- тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында (бронхит, эмфизема, демікпелі бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, пневмокониоз, силикоз және т.б.)
- жедел респираторлық ауруларда (бронхит, пневмония, жедел демікпелі ұстамалар)
- науқасты бронхоскопия немесе бронхографияға дайындауда; бронхография кезінде контрастылы заттардың қақырықпен түсуін жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
- асқазанның белсенді пептидтік ойық жарасы
- жүктіліктің бірінші триместрі (жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде сақтықпен қолдану керек) және лактация кезеңі
- өршу сатысындағы созылмалы гломерулонефрит
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер және егде жастағы пациенттер
Препарат қабылдауды 1-2 капсуладан күніне 3-4 рет қабылдаудан бастау керек. Жақсару басталған соң дозаны күніне 3-4 рет 1 капсулаға дейін азайтады. Дозаны аурудың ауырлығына қарай белгілейді.
Емдеу курсы 7 күн.
Балалар
Мукосол капсулаларын балаларға қолдануға болмайды. Қалыпты тәуліктік доза бөлінген дозаларда дене салмағының 20 мг/кг құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қабылдау үшін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.