Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг нимесулид
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты,микрокристалды целлюлоза (114- дәреже), жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк
Қолданылуы
- жедел ауыруды емдеуде
- бастапқы дисменорея.
Найз® препаратын тек екінші желі препараты ретінде ғана тағайындау керек.
Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- нимесулидке немесе препараттың қосымша заттарының біреуіне жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаумен байланысты бұрын орын алған гиперергиялық реакциялар (мысалы бронхоспазм, ринит, есекжем)
- анамнезінде бұрын орын алған нимесулидке гепатоуытты реакциялар
- гепатоуыттылығы зор басқа заттарды қатарлас қабылдау
- маскүнемдік, есірткіге тәуелділік
- асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы, анамнезінде асқазан-ішек жолында ойықжараның, тесілудің немесе қан кетудің болуы
- анамнезінде цереброваскулярлық қан кетулердің немесе басқа да қан құйылулардың, сондай-ақ қанағыштықпен қатар жүретін басқа да аурулардың болуы
- қан ұюының елеулі бұзылулары
- жүрек функциясының елеулі жеткіліксіздігі
- бүйрек функциясының елеулі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин)
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- суық тию немесе тұмау симптомдары бар пациенттер
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтоза жеткіліксіздігі
- бауыр аурулары және бауыр ферменттерінің жоғарылауы кезінде
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге: ішке тамақтан кейін тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан (100 мг). Ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 200 мг. Емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспайды.
Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сумен қабылдайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.