Құрамы
Құрамы
25 мл препараттың құрамында
белсенді зат - прополис 2,5 г,
қосымша заттар: этанол 95 %, тазартылған су
Қолданылуы
- тері мен шырышты қабықтардың микрожарақаттары және беткейлік зақымдануларында
- іріңді отитте
- фарингит және тонзиллитте
- гайморитте
- парадонтозда
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне, омарташылық өнімдеріне жоғары сезімталдық
- аллергиялық аурулар
- жедел экзема
- 12 жасқа дейінгі балалар
- тері мен шырышты қабықтардағы қанап тұрған жаралар
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, жергілікті, ингаляция түрінде.
- тері жабындарының беткейлік зақымдануында (микрожарақаттар) зақымданған бөлікті Прополис тұндырмасына малынған тампонмен күніне 1-3 рет өңдейді. Созылмалы іріңді отит кезінде іріңінен мұқият тазалағаннан кейін құлаққа Прополис тұндырмасына малынған тампонды, 1-2 минутқа күніне 2-3 рет енгізеді немесе күніне 3-4 рет 1-2 тамшыдан.
– фарингит және тонзиллит кезінде күніне 1-2 рет 6-7 күн бойы бадамша безіне жағады, ингаляция түрінде 1:20 арақатынаста сумен араластырып, күніне 1-2 ингаляция, емдеу курсы 7-10 күн.
– гайморит кезінде мұрынның қосалқы қойнауларын 1:10 арқатынастағы натрий хлориді изотониялық ерітіндісі қосылған Прополис тұндырмасының қоспасымен 14 күн бойы жуып-шаяды - пародонт ауруларында пародонт қалталарына Прополис тұндырмасын турунда түрінде 5 минутқа енгізеді
- ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануларында Прополис тұндырмасын ½ стақан жылы суда 30-40 тамшы тұндырманы ерітіп, шаю түрінде күніне 4-5 рет 3-4 күн бойы қолданады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.