Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 0,5 мг немесе 1,0 мг
қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді (10 % ерітінді түріндегі), динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Мұрынның бітелуін, созылмалы және аллергиялық ринитті (соның ішінде пішен қызбасын), синуситті симптоматикалық емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- құрғақ ринит
- атрофиялық ринит
- жабық бұрышты глаукома
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдайда және ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
- феохромоцитома немесе қуықасты безінің гиперплазиясы бар, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен емделетін немесе оларды соңғы екі апта ішінде қабылдаған пациенттер
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар
Назаксил® спрей 0,05 % әрбір мұрын жолына 2 бүркуден тәулігіне 1-3 рет.
Назаксил® спрей 0,1 % әрбір мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне 1-3 рет.
Препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 реттен артық қолдануға болмайды. Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Интраназальді
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.